Бизнеске келген шығын көлемі 93,7 млрд теңгеге жетті

Бизнеске келген шығын көлемі қазір 93,7 млрд теңгеге жетті. Оның 92 миллиард теңгесі Алматыға тиесілі. 

Бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы артуы мүмкін. Қазір елдің 9 өңірінде зиян шеккен 1 мың 319 кәсіпкерлік субьектісі анықталды. Нысандардың басым бөлігі Оңтүстік шаһарда орналасқан. Сағат таңғы 9-ға дейін арнайы call-орталыққа 3 мыңға жуық қоңырау шалынған. Оның 1 мың 400-ден астамы тонаушылық, ал 39-ы оқыс жағдайға байланысты. 

Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні