Теңгедегі депозиттердің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды

Қазақстандықтардың ұлттық валютадағы депозиттерінің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды.

Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамту жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау үшін Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры осындай шешім қабылдаған.

11 қаңтардан бастап ең жоғары проценттік мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 процентке өспек. Ал бір жылдық мерзімдегі депозиттерге 1 процент деңгейінде болмақ. Бұл шара қысқа мерзім ішінде қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтып, валюталық нарықтағы спекуляцияның алдын алмақ.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні