Қазақстандағы ахуалдың әсерінен биткоин арзандады

Биткоин 40 мың долларға дейін төмендеді. Қазақстандағы ахуал мен АҚШ-тың ақша-несие саясатын қатаңдатуы крипто-валютаға да әсер етті. Бірақ сарапшылар алдағы бағаны дәл болжай алмайды. Жағдай құбылуы мүмкін.

Бүгінде Қазақстан – әлемдегі екінші биткоин өндіруші мемлекет. Майнингтік фермалардың 18%-і біздің елде шоғырланған. Елдегі террорлық операция барысында интернет тек, беЛгіленген уақытта ғана беріліп жатқандықтан, биткоин өндірісіне кедергі келтірген.

Еске салайық, қарашадан бері бұл криптовалюта 69 мың долларға дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткішке жеткен еді.