Бағаның өсуіне жол берілмейді – Б.Сұлтанов

Елімізде кейбір тауар түрлерінің экспорты шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазірдің өзінде мал мен көкөністі сыртқа шығаруға тыйым салынған. Есесіне шикізаттық емес тауардың экспорты ұлғайтылады. Бұл істе біздің тарап Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенеді. Үкімет отырысында вице-премьер әрі сауда және интеграция министрі осылай деді. Бұдан бөлек,  Бақыт Сұлтанов «азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бағасын реттеу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шаралар қабылдап жатырмыз», – деді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірге баға мәселесі қайта қаралды. «Яғни бағаның өсуіне жол берілмейді», – деді министр. Сауда комитетінің қызметін күшейту үшін шұғыл түрде заңнамалық бастамалар қолға алынады.

Бақыт Сұлтанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі: