Енді инфляция деңгейі жіті бақылауда болады – Үкімет басшысы 

Инфляция деңгейі былтырғы қыркүйекте 8,9 процентке жетіп, желтоқсан айында 8,4%-ке төмендеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ бұл да көп. Мұндай жағдай адамдардың сатып алу қабілетін төмендетіп, жалақыларының құнсыздануына әсер етеді. Әрі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының тиімділігін төмендетеді. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Сондықтан инфляция мен баға тұрақтылығына ерекше, маңыз беріліп отыр. Енді Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бірінші ақпанға дейін Үкіметке инфляцияны бақылау және төмендету жөнінде шаралар кешенін енгізу керек.