Мұнайдың баррелі 87 долларға қымбаттады

Йемендегі оппозициялық хусит әскерінің Абу-Дабиге дронмен шабуылдауы әлемдік мұнай бағасына әсер етті, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы 7 жылда алғаш рет «Брент» маркалы қара алтынның баррелі 87 долларға жетті. «Блумберг» агенттігі бұл өзгерісті Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюімен байланыстырып отыр. Негізі мұнай бағасы бұрыннан көтеріліп жатыр. Мәселен, 10 қаңтарда біздің елде болған оқиғалар да «қара алтын» құнына ықпал еткен еді.