Шымкентте азық-түлік бағасы бақылауда

Шымкентте әлеуметтік сауда орындарына тұрақтандыру қорынан тауар жеткізіліп жатыр. Аймақта мониторинг тобы құрылып, азық-түлік бағасын жіті тексеріп жүр.

Олар әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің шекті бағадан аспауын бақылап, тұрақтылықты қадағалауда. Мұнда тауар бағасы нарықтан 10-15% төмендетілген бағада саудаланады. Сөредегі тауардың көпшілігі жергілікті кәсіпкерлердің өнімі. Қазір қалада бірнеше айға жететін тауар қоры сақталған. Тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 7,7 миллиард теңге бөлініп, ірі сауда орындарымен де келісім-шарт орнатылды. Биыл аймақта әлеуметтік дүкендердің санын арттыру көзделіп отыр.

Қайрат Базарбеков, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Сауда субъектілері сауда үстемесін 15% артқан жағдайда кіші нарық субъектілеріне 10 АЕК, ортаға 70 АЕК, үлкенге 300 АЕК мөлшерінде айыппұлдар салынады. Әрине бұл бабтың бірінші тармақшасына сәйкес бірінші ескерту беріледі. Ал осы құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айтып өткен айыппұлдар салынады.