Биткоин бағасы үш процентке өсті

Әлемде биткоин қымбаттады. Ресейдің криптовалютадан түбегейлі бас тартатыны туралы мәлімет тарағалы цифрлық ақша бірден 3 процентке өсіп, 43 мың долларға жетті. Аталған нарықтан Қытай кеткенде баға керісінше түсіп кеткен еді.

Еске салайық, Ресейдің орталық банкі өз баяндамасында криптовалюта, оның ішінде майнингтен де бас тартпақ ойын білдірді. Теңгеномика телеграм каналы цифрлық ақшаны айналымда қолданған азаматтар жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Валютаны өндірушілер де тыйымға құлақ асуы қажет. Ресейлік банк ұсынысын нарық қатысушыларына жолдады. Бүгінде елде криптовалюта қолданатын азаматтардың үлесі артқан. Олар 5 млрд долларды айналымға салды. Қазір көрші ел тура біз сияқты биткоин өндіру бойынша алдыңғы мемлекеттер қатарында.

Сондай-ақ...