Табиғи байлық барынша тиімді қолданылуы тиіс – Қасым-Жомарт Кемелұлы

Қазақстанның табиғи байлығы барынша тиімді қолданылуы тиіс. Ол үшін үкімет кен орындарын тегіс тексеріп шығады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игерілмей жатқан жерлер анықталып, шетелдік немесе отандық инфесторға берілуі керек. Кен орнын алып, игермей отырған кәсіпорындардан жер алып, инвестиция құюға құлқы бар кәсіпкерге беріледі. Жиында президент мұнай-химия саласын да сынға алды. 30 жылда бұл салада бір де бір жаңа зауыт салынбаған. Тек Кеңес одағы кезеңінен қалған ескіні жамап-жасқап күнелткен. Осы тұста мемлекет басшысы Өзбекстанды мысал етті. Ала тақиялы ағайын жоқтан бар жасап, мұнай-химия зауытын салған. Енді бұл бағыт бойынша жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.