Отандық бизнес IPO-ға шығуға дайын – Қайрат Келімбетов

Қазақстандық бизнес IPO-ға шығуға толық дайын. Бұл жөнінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов «7 күн» бағдарламасының тілшілеріне берген сұхбатында айтты.

Қазір отандық бизнеске шетелдік инвесторлар көптеп қаржы құюда. Яғни сенім бар. Егер кәсіпкерлеріміз IPO-ға шығатын болса, онда экономикадағы мемлекеттің үлесі әлдеқайда азаяды. Нәтижесінде жеке капиталды бизнесті басқаруға тарту жеңілдей түседі деді Қайрат Келімбетов. Сондай-ақ сұхбат барысында Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы еліміздің инвестициялық тартымдылығы жайында да ақпарат берді. Сұхбаттың толық нұсқасын «Хабар» телеарнасынан осы жексенбіде сағат 21:00-де көре аласыздар.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Бізде экономиканың қандай секторларына қаражат тартылатыны туралы нақты түсінік бар. Сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы экожүйесінде құрылған институттар осы күндері үздіксіз жұмыс істегенін атап өткім келеді. Бізде биржа жұмыс істеді, сауда-саттығымыз өткен жылғы көлемге оралды. Бұл халықаралық инвесторлардың сенімін қалпына келтіруді білдіреді.