Келесі аптадан бастап утилизациялық алым қайта жиналады

 24 қаңтарда «Оператор РОП-тың» орнына келген «Жасыл даму» компаниясы қызметіне ресми түрде кіріседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеме Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайды. Толығымен мемлекетке тиесілі. Яғни ешбір акционер жоқ. Әзірге утилизациялық алымның жаңа мөлшері белгісіз. Ол бекітілгенше, «Жасыл даму» компаниясы бұрынғы тәртіп бойынша утилизациялық алымды жинай береді.