Сейсенбі күні, 25 қаңтарда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары. Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
