Жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы қайта іске қосылады

Алдағы уақытта отандық автокөліктер де қолжетімді бола түспек.

Өйткені елде жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы қайта іске қосылады.

Бұл жөнінде индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев "Хабар" арнасындағы ток-шоуда мәлімдеді.

Айтуынша, алдағы уақытта жылдық мөлшерлемесі 4% болатын автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылады. Жаңа көлік алу үшін алғашқы жарна да төлеп қажеті жоқ.