«ҚазМұнайГаз» басшысының орынбасары қызметінен кетті

Жақып Марабаев еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетті.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жақып Нәсіпқалиұлына атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, ОПЕК+ міндеттері аясындағы шектеулерге және коронавирус пандемиясының кері әсеріне қарамастан мұнай сервистік қызметердің көлемі және ҚМГ компаниялары тобының өндіруші кәсіпорындарында өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды.

– Соңғы екі жыл аса күрделі кезең болды. Коронавирус індеті барлық салаға өз зардабын тигізді. Пандемия бүкіл ресурстардың жұмылуын қажет етіп, әрқайсымыз үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен жаңа кезеңдегі өміріміз бен жұмысымыз біздің мықты тұстарымызды анықтап, бұдан арғы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Ұлттық компанияның ұжымына және «ҚазМұнайГаз»-дың барша мұнайшыларына бірлесіп жасаған жұмысымыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Жақып Марабаев.