Инфляция төмендейді – Ұлттық банк

Жыл соңына дейін елде инфляция 6-6 жарым процент деңгейіне дейін төмендейді. Ұлттық банк осындай болжам жасап отыр.

Мамандардың пайымынша, бұған мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауы және коммуналдық қызмет ақысы мен жанармайды қымбаттатуға мороторий енгізуі әсер етуі тиіс. Оған қоса бірер күн бұрын ұлттық банк базалық мөлшерлемені 50 базалық пункт бойынша, яғни 9,75 тен 10,25 процент деңгейіне көтерді. Бұл да инфляцияны төмендету мақсатында жасалған. Орталық банктің осы шешімінен кейін Қазақстан депозиттеріне кепілдік беру қоры салымдардың үстемесін 0,3 процентке жоғарылатты.

Айта кету керек, Ұлттық банк былтырғы шілдеден бері базалық мөлшерлемені үш рет көтерді. Қабылданған шара аясында инфляциялық өсім тежелген.