loader

Компаниялар тапсырысындағы «қазақстандық үлесті» арттырғанда жергілікті өнімге басымдық берген дұрыс

Компаниялар тапсырысындағы «қазақстандық үлесті» арттырғанда жергілікті өнімге басымдық берген дұрыс

Алпауыт компаниялардың тапсырысындағы «қазақстандық үлесті» арттырған кезде жергілікті өнімге басымдық берген дұрыс дейді мамандар.

Мәселен, Жезқазған қаласындағы жүйе құраушы компания бір жылда 241 миллиард теңгенің өнімін сатып алатын болса соның 66 проценті отандық өнім екен. Бірақ сол тапсырыстағы мысты өңірдің үлесі бар болғаны 14 проценттен аспайды. Ал осыдан он жыл бұрын қабылданған «ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалаларды дамыту бағдарламасының» негізгі мақсаты осы болатын. Жергілікті жерде өндіріс ошақтарын көптеп салып, экономиканы әртараптандыру әрі әлеуметтік инфрақұрылымды ретке келтіру. Қазір бұл жұмыстар еліміздің 27 моноқаласында жүзеге асып жатыр, оның сегізі Қарағанды облысында орналасқан.

Қайрат Әбсаттаров, Жезқазған қаласының әкімі:

- Бізде «қазақстандық қамту» деп айтылады. Бірақ та сол «қазақстандық қамтудың» ішінде әр ауданның, әр қаланың үлесі қандай екен, сол жағы талдану керек. Егер де біз осы бағытта дұрыстап жасайтын болсақ, мен ойлаймын Президенттің тапсырмасын орындау бағыты, экономикасы бір ғана моноэкономикамен өмір сүріп жатқан қалаларға өзінің даму серпінін береді.

Сондай-ақ...