Қазақстандықтар шетелдік валюта алуға ₸500 млрд жуық жұмсаған  

Былтыр қазақстандықтар шетелдік валюта сатып алу үшін 500 миллиард теңгеге жуық жұмсаған. Оның ішінде АҚШ валютасының үлесі басым. Ұлттық банк өткен жылдың соңғы айындағы сауда нәтижесін шығарды.

Оған сай, ел азаматтары 378 млрд теңгеге доллар сатып алған. Сондай-ақ, валюта айырбастау пункттерінде 78 миллиард теңгеге рубль және 18 миллион теңгеге юань сатылыпты.  Америкалық валюта саудасы бойынша Алматы бірінші орында. Одан кейін Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары орналасты. Еуроны да Алматыда көптеп сатып алған, ал юань саудасы бойынша Шығыс Қазақстанның валюта айырбастау пункттері көш бастап тұр.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...