Табысы төмен азаматтар жеке салықтан босатылуы керек – Е.Сайыров

Депутат Ерлан Саиров кедейлік шегін, қайта қарау керек екенін айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр елде табысы, күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны 998 мыңнан асқан. Бейресми есепке сүйенсек, 1,5 млн-нан артық. Әлемдік тәжірибеге сай халықтың жаппай кедейлігі мемлекет үшін қымбатқа түседі. Депутат елдегі жалпы ішкі өнім өскенмен, ондаған жылдар бойы кедейлік шегі, өзгермегенін айтады. Салдарынан әлеуметтік төлемдердің тиімділігі әлдеқайда төмен. Оны алатындардың ақшасы, тамақтан аспайды. Ерлан Саиров кедейлік және ең төменгі күнкөріс шегін арттыруды сұрайды. Сондай-ақ еңбек ақысы төмен азаматтар, жеке табыс салығынан босатылуы керек.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгінде Қазақстан – әлемдегі күнкөріс деңгейі ең төмен елдердің бірі. Нигерия, Анголия, Габон сияқты елдердің деңгейінде тұр. Ал Еуропалық елдерде кедейлік орташа табыстың 60 пайызы деңгейінде белгіленеді. Сонымен бірге пандемия басталғаннан бері тұрмысы төмен үй шаруашылықтарының қаржысына нұсқан келтіретін инфляцияның өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдердің тиімділігі төмендеп кетті.