loader

Әлемде баспана бағасы қымбаттады

Әлемде баспана бағасы қымбаттады

Былтыр әлемдегі тұрғын үйлер 10 процентке қымбаттаған. Халықаралық консалтинг компаниясы элит санаттағы баспана құнына шолу жасады.

Оған 46 қала енген. Шетелдік сатып алушылардан сұраныс артуына төменгі пайыздық мөлшерлеме мен пандемия салдары әсер етті.

Сарапшылар пайымынша, ең қымбат үйлер Дубайда орналасқан. Бір жылдағы өсім 44%-тен көп. Сатып алушыларды елдегі өмір салты қызықтырған. Тізімді Мәскеу жалғайды. Мұндағы баға 42 проценттен асты. Бірақ ипотекалық қарыздың тиімділігі шетелдіктерді тәнті етіпті. Шолудағы шаһарлар көшін негізінен дамыған елдер бастаған. Ал Джакарта, Куала-Лумпур, Манила, Бангкоктағы баспана бағасы басқаларға қарағанда арзанырақ. Былтыр біздің елде де тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдері 2 есе көп жасалды. Бұл рекордты көрсеткіш. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі таратқан дерекке сүйенсек, 606 мыңнан аса келісім жасалған. Әсіресе Маңғыстауда баспана мәселесін шешкендер көп екен.

Сондай-ақ...