Ғ.Пірматов: Жыл соңына қарай инфляция дәлізі 6-6,5% шамасында болады   

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның сөзінше, бұл межеге биыл қаңтарда базалық ставканы 10,25 процентке көтеру ықпал етуі керек. Былтыр қолға алынған шаралар нәтижесінде инфляция 8,9%-тен 8,4%-ке дейін баяулады. Алайда арқаны кеңге салуға ерте. Себебі әлемдік нарықтағы жағдай әлі де құбылмалы. Жыл басында-ақ инфляция  8 жарым пайыздық мөлшерге қайта оралуы осыны көрсетті. Сондықтан Ұлттық банк инфляцияға қарсы ақша-несие саясатын жүргізуді жалғастырады. «Ол Үкімет тарапынан тауар нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жүйелі шаралармен қатар орындалуы тиіс» –  деді Ғалымжан Пірматов.