Биыл ел экономикасы 4,2%-ке дейін өседі – Ұлттық банк

Биыл ел экономикасы 4,2%-ке дейін өседі – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасының ел экономикасының биылғы өсіміне қатысты болжамы да көңіл көншітерлік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымжан Пірматовтың сөзінше, өсім 4,2%-ке жетуі тиіс. Ал халықаралық ұйымдар бұған дейін дағдарыстан соң  Қазақстан экономикасы 3,7 процент шамасына  көтерілетінін айтқан. Былтыр сұраныстың өсуі есебінен әлемде шикізат, материалдар мен азық-түліктің бағасы шарықтады. Бұл энергетикалық дағдарыспен бірге рекордтық инфляцияға алып келді. Оның салдары Қазақстанға ауыр тиді. Десе де 2022 жылдың ортасына қарай жағдай орнығады деген үміт бар.