Кімдер өзін «банкрот» деп жариялай алады?

Банк алдындағы борышын 6 айдан аса уақыт төлей алмай жүрген адамдар өздерін «банкрот» деп жариялай алады.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Марат Сұлтанғазиев осылай деді. Ведомство заң жобасын әзірлеп қойған. Алдағы айда оны Парламент қарауына беруі мүмкін. Заң жобасында борышкерді екі санатқа бөлген. Біріншісі мүлкі жоқ және 5 млн теңгеге дейін қарызы бар адамдар. Олардың ісін сотқа жеткізбей реттеуге болады. Ал екіншісі берешегі 5 млн теңгеден асып кеткендер кіреді. Олар бұл қарызды 6 айдан аса уақыт төлей алмаса, өзін банкрот деп жариялай алады. Ондай кезде сот әлгі адамның мәселесін жарты жыл қарастырады. Егер шынымен табысы жоқ екені анықталса, қарызы толық кешіріледі. Кейбір жағдайда әлгі адамның атында жылжымайтын мүлік болса, соны сату арқылы қарызын жапқызу қарастырылған.