Биыл баспана 17%-ке қымбаттайды – риелтор

Қазақстанда баспана тағы қымбаттауы мүмкін. Бұған қоса нарықтағы ұсыныс көлемі сұранысты жапайды. Сала мамандары осылай дейді. Баға қанша процентке өседі?

Қазақстанда баспана тағы 17%-ке қымбаттауы мүмкін. Риелторлар осындай болжам жасады. «Сала мамандары бұл әлемдік тенденция екенін алға тартады. Бірақ ішкі факторлар да бар, әрине. Соның бірі – ұсыныс пен сұраныстың теңеспеуі. Елде тұрғын үйлерге сұраныс жоғары, ал ұсыныс аз. Бұл да баға саясатына ықпал етеді», – дейді риелторлар. Олардың айтуынша, былтыр тұрғын үй нарығында сауда қызды. 600 мыңдай мәміле жасалды. Бірақ соның 25%-і ғана ипотекаға алынған баспана. Бұл ипотекалық өнімдердің Қазақстанда әлі кең таралмағанын көрсетеді», - дейді мамандар. Құрылыс материалдарының қымбаттауы да үйдің бағасына әсер етеді.

Мадина Шүкеева, жеке компанияның тұрғын-үйлерді сату бөлімінің менеджері:

– Тұрғын үй барлық уақытта өсіп келе жатыр. Биыл да өседі. Әлі 17-15%-ға өседі. Егер өспесін десек, көптеген үйлер салыну керек. Сондықтан да бізде әлі сұраныс бар үйге, сұраныс бар жерде тұрғын үй салу да бар. Сұраныс бар жерде бағаның көтерілуі де бар. Осы несие жағын, ипотека жағын, тұрғын үй бағдарламаларын көбейтсе, халыққа жақсы болар еді. Бізде қазір бағдарламалар өте аз.

Бұдан бөлек, «Ақшасы артылғандардың көбі үй алады. Өйткені бұл қаржы сақтаудың сенімді құралы». Риелторлар осындай пікірде. Жылжымайтын мүлік нарығының мамандары соңғы уақытта баспанаға сұраныс артқанын айтты.

Мадина Шүкеева, жеке компанияның тұрғын-үйлерді сату бөлімінің менеджері:

– Көп адамдар табысын қайта жіберерін білмейді. Өйткені инвестицияны түсінбейді. Сол ақшасын сақтап қалу керек болса, тұрғын үй сатып алу өте тиімді болып келеді. Ал егер қарапайым халық көптеген пәтер жалдап жүргендерге келетін болсақ, әрине пәтерге ақша төлегенше нисеге үй алған артық. Сондықтан қазіргі уақытта басқа тауарларға қарағанда үйге деген сұраныс бар. 

ҚАҢТАРДА ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК БӘСЕҢДЕДІ

Қаңтарда Қазақстанда іскерлік белсенділік төмендеді. Ұлттық банктің хабарлауынша, желтоқсандағы көрсеткіш – 50,6, ал қаңтарда 50-ге дейін түсті. Оған құрылыс пен қызмет көрсету саласында тапсырыс және жұмыспен қамтудың азаюы себеп болды. Аймақтар арасында қаңтарда жеті өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 10 өңірде нашарлады. Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында көрсеткіштер жоғары. Қызылорда облысы мен Алматы қаласында төмен. Қаңтарда бизнес жағдайы да «теріс бағаланды». «Кәсіпорындар сұраныстың төмендегенін айтып, инфрақұрылымның бағалауы да бір жылда алғаш рет теріс мәнге ие болып отыр. Қаржы/несиенің қолжетімділігін қоспағанда, басқа факторлардың бәрі бойынша теріс баға басым», – дейді Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов. Дегенмен алдағы алты айда бизнес жақсарады деген болжам бар. Бизнестің жағдайын бағалайтын сауалнамаға 459 кәсіпорын қатысқан. Оның 67-ті құрылыста, 175-сі өнеркәсіпте және 217 кәсіпорын қызмет көрсетуде жұмыс істейді.

ТЕҢГЕ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Екі аптаның ішінде доллар бағамы 10 теңгеге төмендеп, былтыр қазан айының соңында тіркелген көрсеткіштерге жақындады. Ол кезде АҚШ доллары 426 теңге болған. «Ұлттық валюта бағамының нығаюна бірнеше себеп бар. Бірінші мұнай бағасы барреліне 90 доллардан асты. Екінші геосаяси шиеленістер төмендеп, рубль АҚШ долларына қатысты нығайды. Бұдан басқа, Ұлттық Банктің базалық ставкасын 10,25%-ке дейін көтеруі де ықпал еткенін атап өтуге болады», – дейді Tengenomika сарапшлары. Бұл теңгелік активтердің тартымдылығын арттырады.

АРАҚ КӨБЕЙІП, ШАРАП АЗАЙДЫ

Елде алкогольді шімдік өндірісі артты. Атап айтқанда арақ 25%-ке, сыра 4,2%. Ал шарап өндірісі былтыр 38%-ке азайып, 27 млн литрге жуықтады. Бұл өнімдердің бағасы да біршама өскен. Мысалы биыл қаңтарда ішімдік 7%-ке қымбаттады. energyprom хабарлауынша, елімізде арақ пен ликер өнімдерінің импорты артып келеді. Мәселен, былтыр импорт 8,3 млн литрге жетті, жылдық өсім 8,5%. Ал осы өнімдердің экспорты бір жылда бірден 133 есеге өсіп, өткен жылдың 11 айында 1,7 млн литрге дейін өсті.