Жаңаөзенде 400 адам жұмыспен қамтылады

Жаңаөзен қаласында жыл соңына дейін 400 адам жұмыспен қамтылады. Қазір «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 100, сервистік қызмет көрсететін серіктестіктерде 61 жаңа жұмыс орыны құрылып жатыр.

Алдымен осал топқа жататын 100  адамды орналастыру көзделіп отыр. Жаңаөзен қаласында бірнеше кәсіпорын жұмысшылары жалақы көтеруге және жұмыссыздыққа байланысты наразылық акциясына шыққан еді. Осыған байланысты 8 ақпанда облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен облыстық комиссия құрылып, шара қабылдана бастады. 

Абзал Меңдібаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Арнайы құрылған облыстық комиссия бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырып зерттеді. «Өзенмұнайгаз» АҚ сервистік қызмет көрсету мекемелеріне  жұмысқа қабылданады. Қаладағы шағын және орта бизнес өкілдерін жұмысқа тарту арқылы “Өзенмұнайгаз” қызмет көрсететін жұмыс түрлері, тауар түрлері бойынша жұмысқа ниетті компанияларды тарту арқылы біздер тағы да жұмыс орнын ашқымыз келіп отыр. Осы мақсатта “Қазмұнайгаз” АҚ шағын және орта бизнес өкілдері арасында ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу арқылы жаңа жұмыс орындарын арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.