Утилизациялық алым азайса, отандық көліктерге де сұраныс азаяды – М.Халық

Ал жеңілдетілген автонесиені жандандыру, осы алым төңірегіндегі дауды басу үшін жасалған қадам. Экономист Мақсат Халық осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, «ӨКМ Операторы»  утилизациялық алымға байланысты шу болғандықтан, бұл мәселені әдейі көтеріп отыр. Ал жеңілдетілген автонесие бағдарламасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеп жатыр. Оған бірнеше ай керектігі де айтылған. Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеуге 250 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. «Оның 150 млрд теңгесі мемлекеттік бюджеттен және тағы 100 млрд теңгесі «ӨКМ Операторынан» утилизациялық алымнан жиналған ақшадан бөлінуі мүмкін. Бұл сома халықтың осал топтарына бастапқы жарнасыз, 4%-пен автонесие беруге жұмсалады», – деп хабарлады ведомсвто өкілдері.

Мақсат Халық, экономист:

– Бұл утиль алымның айналасында болып жатқан дауды басу үшін, халықтың назарын сол жаққа  қарай аудару үшін 4%-тік несиені жандандырамыз деген мәселені айтып бастады деп ойлаймын. Негізінде сол утиль алымды алып отырған ұйым солардың ұсыны болатын. Менің ойымша бұл халықтың назарын басқа жаққа аудару үшін болып тұрған секілді. Бірінші кезекте утиль алым бойынша нақты ставкаларды шешіп алу керек. Содан кейін ғана жеңілдетілген несие туралы әңгіме айтуға болады.

Ал утилизациялық алымның ставкасы айдың аяғында белгілі болады. Жоспарға сай, алым көлемі төмендеуі тиіс. Бұл жағдайда отандық көліктерге сұраныс азаюы мүмкін. Себебі алым арзандаса, қазақстандықтар сырттан жаңа көлік алып келуге тырысады. Сарапшылар осындай болжам айтып отыр.

Сондай-ақ...