Елде қандай нысандар жекенің қолына өтеді?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Национальный интерес» бағдарламасында осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет меншігіндегі тіс емханаларын, көше мен аулаларды абаттандырумен айналысатын компанияларды бұдан былай жекешелендіріп алуға болады. Ұзын-ырғасы 86 мекеме бар. Тек ауылдық жерлерде тіс емханары ғана әзірге мемлекет меншігінде болады. Сұхбаттың толық нұсқасын, бүгін кешкі сағат 22.30-да «Хабар» арнасынан көре аласыздар.