Елімізде жаңа көліктер құрастырылады

Қазақстанда «Шевролет» маркалі көліктердің басқа да үлгілері құрастырыла бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«СарыарқаАвтоПром» мен «УзАвто Моторс» екіжақты келісімге келді. Олар былтырғы жылы нарыққа шыққан көліктердің кең сұранысқа ие болғанын айтады. Сол себепті арадағы байланысты одан әрі дамытуға ниет танытқан.    

Тараптар бір тоқтамға келді. «СарыарқаАвтоПром» мен UzAuto Motors екі жаққа да тиімді келісім жасасты. Биыл Қазақстанда Chevrolet маркілі 60 мың көлік құрастырылады. Былтырғы жылы тап осы машиналдарға сұраныс жоғары болды.

Бо Инге Андерссон, «Uzauto Motors» АҚ бас директоры:

– Қазақстандық серіктестеріміз жақсы жұмыс істеді. Олар Chevrolet брендін көпшілікке кеңінен таныстырды. Осыны ескеріп, арадағы байланысты одан әрі дамытқымыз келеді. Енді Қазақстанда «Шевроле Эквинокс» пен «Травёрс» үлгілері құрастырыла бастайды.

Екі ел арадағы сауда айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Біраз салада байланыс бар. Алыс-берісті арттыруға автоөндірушілер де үлес қосып жатыр.

Бо Инге Андерссон, «Uzauto Motors» АҚ бас директоры:

– Қазақстан мен Өзбекстан бауырлас елдер. Салты бір, мәдениеті де ұқсас. Сол себепті арадағы байланысты одан әрі дамытқымыз келеді. Қазірдің өзінде екі елде құрастырылған көліктерге сұраныс өте жоғары.

Былтыр Қостанайдағы зауытта Chevrolet маркілі 33 мыңнан астам көлік құрастырылған. Сондықтын өткен жыл олар үшін табысты болды деуге болады. Мамандар кәсіпорында шығарылған «Nexia» және «Cobalt» көліктерін бұқара талап алып кетті дейді.               

Авторы: Дастан Сейілханұлы