Кәсіпкерлік корпорациясының қызметі заңмен реттелмеген – Бизнес өкілдері

Кәсіпкерлік корпорациясының қызметі заңмен реттелмеген – Бизнес өкілдері

Кәсіпкерлер әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметіне шағымданды. Олардың айтуынша, бұл мекеме делдалдың рөлін атқарады екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ортақ ереже жоқ болған соң корпорацияны әрбір әкімдік өзінше басқарады. Мемлекет пен бизнес арасында әріптестік орнатып, өңірлердің экономикасын дамыту мақсатымен құрылған ұйымның шығыны да шаш етектен. 2017 жылды 2 жарым млрд теңге шығынмен аяқтаған. 1 жылдан кейін тағы 15 жарым млрд теңге қаржы желге ұшты. Мәселе мәжілісте де көтерілді. Депутаттар мемлекеттік органдар корпорацияны коррупция құралы ретінде пайдалануы мүмкін деп ашық айтты. Үкіметтен құрылымның құзіретін заңмен бекітуді талап етті. Бұдан бөлек, мәжілісмендер «корпорацияны кәсіпкерлердің ішкі жұмысына араласпайтын қылу керек», – деп санайды. Ұйымның табысын толығымен жергілікті бюджетке жіберіп, топ-менеджерлердің жалақы-сыйақысын, бонустары мен көліктерін мәслихат бекітуі тиіс дегенді және қосып айтты.