Елуге дейін маман, елуден кейін жаман ба? – «Күміс жас» жобасы

Енді елде зейнет жасына жеткен шақта жұмыссыз қалған азаматтар «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналаса алады. Жоба бос жұмыс орындарынан тыс жүзеге асады. Сондай-ақ онда қауіпті және зиянды салалар болмайды. Және жалақының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Ғалия Жүрсінова 59 жаста. Ол 3 жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. 43 жыл бойы медицина саласына еңбек сіңірген білікті маман енді түрлі қара жұмысқа жегілуге мәжбүр. Оның өзі бірде бар, бірде жоқ.

Ғалия Жүрсінова, қала тұрғыны:

- 2010-2019 жылдың күзіне дейін 38 мектеп-лицейінде медбике саласында қызмет істедім. 7-емханаға қарауына байланысты бас дәрігер шақырып, сіз орынды босатыңыз. Біз жас кадрларды аламыз. Сіздердің жастарыңыз келді. Жұмыстан мені босатып жіберді. Жұмыс пока жоқ. Петропавл, Қостанай қаласынан әртүрлі саладан биржадан жұмысқа алады, сіздің жасыңыз келді деген жауап алдық. Ауылдық жерде жұмыс істеуге фельдшер саласында жұмыс істеуге толық қабілетім жетеді.

Елде жасы 50-ден асқан азаматтар мамандығы бойынша жұмыс таба алмай әлек. Нан табу амалсыз қара жұмыс істейді.

БЛИЦ:

- Зейнеткерлер түгілі жастарға да жұмыс табу қиын. Бізде өнеркәсіптің жоқтығынан жұмыс та жоқ деп ойлаймын. Мамандығым инженер. Бұл сала бойынша қызметке тұру мүмкін емес. Жуырда жұмыс берішулермен сұхбаттасуға бардым. Олар қабылдамайтынын айтты. Себебін сұрағанда жасымның 60-тан асқаны кедергі екенін айтты.

- Әдетте күзетші, қызмет көрсету саласында ғана жұмыс таба алады. Зейнет жасына жақындарға жұмыс жоқ. Бізде барлығы комерциялық ұйым болып кетті. Өндірістік орындар болса жұмыс табу әлдеқайда оңай болар ма еді? 

Ал елордадағы халықты жұмыспен қамту орталығында 50 жастан асқан 859 азамат тіркелген екен.

Бағила Орымбетова, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің басшысы:

-Қазір еңбек порталында мыңнан аса жұмыс беруші тіркеуде. Оның ішінде 7 мың бос орын бар. жасқа шектеу қоймайды. 28 топ 3-ке білім, Жалпы еңбек нарығында үздіктер қатарына білім,медицина, қызмет көрсету және құрылыс саласы кіреді.

 «Күміс жас» жобасы бос жұмыс орындарынан тыс жасалатын болады. Яғни еңбек жағдайлары қауіпті және зиянды сала кірмейді.

Гүлнәр Жармұханбетова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

- Бұл жобаға зейнетке шығуына 2 жыл қалған немесе жұмыссыз жүрген азаматтар өтініш бере алады. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Жобаға бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізетін, сондай-ақ, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде 450 мың 407 жұмыссыз бар. Оның 83 мыңға жуығы 45-54 жас аралығындағы азаматтар. Ал жасы 55-тен асқан 65 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таппай жүр. Яғни, зейнет жасына жақындағандарға жұмыс табу қиын. Енді бұл мәселе көп ұзамай шешімін табатын болды. Елімізде «Күміс жас» жобасы іске қосылмақ. Осы бастама аясында жыл сайын 5 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделген.

Жоба арқылы жұмыс берушілер жалақының 50 процентін төлейді. Ал  зейнетке жақындаған азаматтарға еңбекақының тең жартысы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Руслан Тілеубаев, ҚР ЕХӘҚМ департаментінің басшысы:

- Екінші шарт субсидияның мөлшері 30 АЕК-тен көп болмауы тиіс. Яғни егерде жұмыс беруші жаңа қызметкерге 200 мың теңге жалақы қоятын болса,оның  90 мың теңгеден астамы бюджет есебінен субсидияланады. Және одан кейінгі шарты осы 12 ай  жалақысының субсидияланатын мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші осы азаматты өзінің кәсіпорынына, мекемесіне тұрақты жұмысқа алуға міндетті.

«Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне немесе Еnbek электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет. 

Наргиз Бекмағанбетова, Ырыстанбек Оспанов, Асхат Серікұлы, Марат Диханбаев