466,44 484,00 8,88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Атамекен» ҰКП төралқасының жаңа төрағасы сайланды

  • 418
  • UPD: 11:01, 21.02.2022
«Атамекен» ҰКП төралқасының жаңа төрағасы сайланды atameken.kz

Райымбек Баталов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы болып сайланды.

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

«Атамекен» ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде Райымбек Баталовтың кандидатурасын Ұлттық палатаның Төралқа мүшелері ұсынды. Съезд делегаттары дауыс берді. Олардың 255-сі қолдады, 9-ы қарсы болды, 38-і дауыс беруден бас тартты.

«Палатаны реформалау үшін күш-жігерімді салатыныма уәде етемін. Бәріміз жаңа Палатада жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік», – деді Райымбек Баталов.

Хабар 24 телеарнасы