Қаржы министрі кедендегі былықтардың себептерін атады

Тауарлар құнын кемітіп көрсету – Қытаймен статистикадағы алшақтықтың негізгі себептері. Декларацияны дұрыс жүргізбеудің кесірінен ел қазынасының болжамды шығындары 150 миллиард теңгеге бағаланып отыр.  Қаржы министрі осылай деді.

Сондай-ақ Қытайдан тауарды импорттайтын бір күндік фирмалар да анықталып отыр. Ол жөнелтушілердің 20 процентін құрайды. Жалған электронды шот фактураларды жазып беретін фирмалар да әшкереленді. Қазір айналым соммасы 6 трлн теңгеден асатын 8 мыңнан астам осындай компания анықталды. Мәселені реттеу үшін шұғыл түрде электрондық декларация орталығы мен ахуалдық орталық құрылды. Нәтижесінде  28 мыннаң астам заң бұзушылық анықталды. 23 млрд теңге бюджетке өндірілді. Былтыр аспан асты елімен кедендік статистикадағы алшақтық 5,7 млрд долларға жетті.