Утильдік алымға жеңілдік мамырда қолданысқа енуі мүмкін

Отандық автокөліктерге 4 процентпен жеңілдетілген несие берудің нақты тетігі 2 аптадан соң белгілі болады.

Ал утильдік алымға жасалатын 50 проценттік жеңілдік мамыр айында қолданысқа енуі мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі осылай деді. Марат Қарабаев тиісті құжатты сәуір айының ортасына дейін әзірлеу үшін жауапты органдар барын салатынын жеткізді. Сондай-ақ утильдік алым отандық автокөлік бағасына еш әсер етпейді, деді. Былтыр жыл басынан бері қазақстандық темір тұлпар бағасы 8,7 процентке қымбаттаған. Импорттық көлік құны 9 пайызға өскен.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

- Біздің бағдарламада қазір ең төмен машина қанша? 4 млн теңгелік көлікті 800 мың міндетті түрде өзіңіз төлейсіз. Қалған 3 млн 200-ге мысалы кредит аласыз. Қазір қалай істеп отырмыз? Қазір қарастырып отырғанымыз кейбір әлеуметтік жағдайы дұрыс емес кісілерге сол бастапқы 20 пайызды төлемейтін. Мүмкін шамамыз жетсе бүкіл халыққа төлемейтіндей етіп істейміз бе деп отырмыз.