Теңге нығая бастады

Теңге бүгін нығая бастады. Соңғы бағам бойынша бір доллар 460 теңгеге бағаланды.

Бүгін еліміздің Ұлттық банкі 5 миллион долларға интервенция жасады. Бірақ бұл тәсілмен теңгені ұзақ ұстап тұра алмаймыз, дейді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев. Ақша жетпей қалуы мүмкін. Сарапшы қаржы нарығындағы ахуалға Ресейге салынып жатқан санкциялардың салқыны тиіп тұрғанын айтады. Украина мен Ресей арасындағы жағдайдың шиеленісуі ұлттық валютамызға да кері әсерін тигізіп жатыр.

Андрей Чеботарев, қаржы сарапшысы:

 - Рубль де нығайып келеді. Бұған Ресей Орталық банкінің интервенция жүргізуі себеп. Бұл елдің интервенцияға қанша қаржы құйып жатқанын білмейміз. Десе де, кеше осы әрекеттердің нәтижесінде валюта бағамы қатты құбылған жоқ. Бүгін де солай болды деп ойлаймын. Қазір санкция көбейіп жатыр. Сондықтан жуық арада валюта бағамы тұрақталады деп кесіп айту қиын. Бәрі санкция ауанына байланысты болады. Бұл жерде Қазақстанның қолынан ештеңе келмейді. Қаржы нарығын біз ғана реттей алмаймыз. Бәрі Киевтегі, Еуропадағы және АҚШ-тағы ахуалға байланысты болады.

Сондай-ақ...