loader


Есеп комитеті бюджет қаражаты бойынша 21 аудиттік тексеру жүргізді

Былтыр жалпы сомасы 32 триллион теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 155 нысанға 21 аудиторлық тексеру жүргізілді.

Анықталған заң бұзу деректері бойынша тиісті шаралар қабылданып, материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент қабылдауында болып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы жүргізілген тексеру қорытындылары туралы осындай мәлімет берді.

Айтуынша, квазимемлекеттік секторға жүргізілген аудит аяқталды. Арнаулы экономикалық аймақтардың қызметіне, жер ресурстарын басқару жүйесіне, Токиодағы Олимпиадаға дайындық және пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бағалау жүргізілді. Президент жаңа экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту аясындағы Есеп комитетінің қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы мәлімет берілді. Былтыр жалпы 32 триллион теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 155 нысанға 21 аудиторлық тексеру жүргізілген. Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Сондай-ақ...