Валюта айырбастау бекеттерінде доллар сатылмай жатыр

Бүгін елордадағы валюта айырбастау бекеттері доллар сатпай жатыр. Ал сату құны 468-471 теңгеге шамасында көрсетілген.

Сатушылардың айтуынша, дәл қазір олар доллармен қоса еуроны да сатпай отыр. Себебі, банктен шетел валютасы жеткізілмеген. Кейбір валюта айырбастау орындары мүлдем жабық. Екінші деңгейлі банктер де шетел валютасын сатпай жатқаны байқалады.

Валюта айырбастау бекеттері Қауымдастығының президенті Арчин Галимбаев Қазақстандағы айырбастау пункттері жұмысын уақытша тоқтатқанын әлеуметтік желіде жазды. Елордамен қатар, Алматы және өзге қалаларда да жағдай осындай. Бұған әрине, Ресейде доллар бағамының шарықтауы, KASE-дегі сауда-сатықтың уақытша тоқтатылуы себеп.