Ә.Смайылов: Өнімділікті арттыруға мән беру керек

Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемі артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса кәсіпкерлерге салынатын әкімшілік міндеттемелер жеңілдейді. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты. Әсіресе импортты алмастыру маңызды. Бұл үшін отандық өндірісті жетілдіру керек. Мемлекеттен қолдау болады. Басты шарт – бұл кәсіпорындар жұмысшылардың жалақысын арттыруға тиіс. Ауыл шаруашылығы да назарда. Бүгінде саланы субсидиялаудың жаңа тетіктері қаралып жатыр. Кооперациялар мен отбасылық шаруашылықтарға қосымша жер телімдері бөлінеді.   премьер-министрдің айтуынша, мұндағы мақсат – өнімділікті арттырып, дайын өнімді қайта өңдеуге көңіл бөлу.