Елімізде бизнеске қойылатын талаптар өзгереді

Отандық бизнеске қойылатын талаптардың 40 проценті жаңа тәсілдерге сай келмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы осылай дейді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, саланы реттеу туралы жаңа заң кәсіпкерлердің әкімшілік жүктемесін біршама азайтуы керек. Министрлер кабинеті бизнеске қойылатын міндетті талаптар реестрін әзірлемек. Ол келесі жылы іске қосылады. Өзгерістер енгізілгенде  кәсіпкерлерді тексеру мен айыппұл көлемі 2 есеге азаяды. Ол үшін автоматтандырылған бақылау кестесі құрылады. Сондай-ақ алдағы уақытта тексерістен гөрі заңды бұзудың алдын алу шараларына басымдық беріледі.