Жұмыртқа өндірушілердің жанайқайы

Елімізде жұмыртқа қымбаттап барады. Күнделікті тұтынатын бұл өнім доллар бағамына байланбаса да құны бірден шарықтап кетті.

Алайда бұған шаруалардың өз айтары бар. Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов шаруалар мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиядан қағылып отыр дейді. Ал жем бағасы күн сайын қымбаттап барады. Егер бұлай жалғаса берсе, отандық жұмыртқа өндіретін шағын  фабрикалар тоқырауға ұшырайды. Ал елімізде бұл кәсіппен небәрі 33 мекеме ғана айналысады.  

Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті:

- Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкіметпен бірлесіп жұмыртқаға бөлінетін субсидияны алып тастауды көздеп отыр. Егер бұл шара жүзеге асса, көптеген құс фабрикалары банкротқа ұшырайды. Шағын мекемелер жабылып, ірі фабрикалар өсіріп отырған құс санын азайтады. Салдарынан елімізде құс еті мен жұмыртқа тапшы болады. Сосын импорт қаптап кетеді.

Жұмыртқа өндірушілер өнімнің қымбаттауына алыпсатарлар мен саудагерлерді кінәлайды. Монополияға қарсы комитет «бізді емес соларды тексерсін» дейді. Осы тұста Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарластық. Атқамінерлер мәселеден хабардар екен. Субсидия бөлеміз дейді. Бірақ бұл мәселе былтырдан бері шешімін таппаған.

Ерлан Ілиясов, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаменті басшысының орынбасары:

- Жұмыртқаға қатысты субсидия ешқашан алынбайды. Оған субсидия болады. Бұл жерде мәселе жұмыртқаға субсидияны жергілікті немесе республикалық бюджеттен төлеу болып тұр. Ол құрылған жұмыс тобының аясында пысықталады. Жұмыс тобы былтыр қараша айында құрылды министрдің бұйрығымен. Жұмыс тобына барлық мемлекеттік органдар, Атамекен, құс өсірушілер одағы кіреді. Солардың нәтижесінде ортақ бір шешім қабылданады.

Сондай-ақ...