Лондон металдар биржасы никель саудасын тоқтатты 

Лондон металдар биржасы никель саудасын тоқтатты 

Лондон металдар биржасы никель саудасын тоқтатты. Өйткені небәрі бірнеше сағатта бағасы 3 есе қымбаттап, 1 тоннасы шамамен 100 мың долларға жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Блумберг басылымының хабарлауынша, мұндай жағдай бірінші кезекте Ресейге салынған санкцияларға байланысты. Қазір инвесторлар дефициттен қауіптенеді. Осыған байланысты трэйдерлер осындай баға арқылы металл тасымалына енгізілуі мүмкін шектеулерді де ескеріп отыр.