Б.Ақшолақов: Дизель отынының тапшылығы болмайды

Отандық шаруалар дизель отынымен толық қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның хабарлауынша, көктемгі егіс науқаны басталмай тұрып, ведомство мұнай өңдеу зауыттарымен арнайы келісімдер жасасқан, яғни дизель отыны фермерлерге делдалсыз тікелей жеткізіледі. Егістікке қажетті 400 мың тонна өнім уақытылы әкелінбек. Мәселен, Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері әр өңірге дизельді жеткізу кестесін әзірледі. Болат Ақшолақовтың айтуынша, оның бір литрі 176 теңгеден аспауы керек.

Айта кетерлігі, қазір оның нарықтағы бағасы 260 теңгеге дейін жетіп отыр.