Ә.Бектаев: Аграрлық сектор тәжірибе жүргізу алаңы емес

Осы жыл елдегі аграрлық сала үшін ерекше қиын кезең болуы мүмкін. Өзінің депутаттық сауалында Әли Бектаев еліміздің аграрлық секторындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрғақшылық, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер бағасының өсуі салаға теріс әсер етуі мүмкін. Отынмен, минералды тыңайтқыштармен және сумен қамтамасыз етуге байланысты негізгі мәселелердің ешқайсысы шешілмеген. Дегенмен субсидиялардың мөлшері мен түрлері, оларды бөлу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Аграрлық сектор-тәжірибе жүргізу алаңы емес деді сенатор. Керісінше, ауыл шаруашылығына, әсіресе, биылғы жылы қосымша қолдау көрсету қажет екені айтылды. «Жасыл Даму» АҚ шоттарынан 200 млрд теңге кәдеге жарату алымының бір бөлігін аграрлық секторды дамытуға бағыттаған дұрыс шығар. «Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету автокөліктерге қарағанда маңызды», – деді Әли Бектаев палатаның жалпы отырысында.