Енді баламалы энергетиканы дамыту бойынша жаңа заң әзірленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осы арқылы экологиялық таза энергия көздерін дамыту көзделіп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Премьер-Министр инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Әлихан Смайылов Қазақстанның 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы ESG және жасыл экономика қағидаттарын сақтауға негізделетінін айтты.
