Египет газ өндірісін арттыруды көздеп отыр

Египет газ өндіруді арттыруға ниетті. Бұл туралы елдің мұнай және минералды ресурстар министрі Тарик Аль-Мулла мәлімдеді.

Мысырдың мұнай-газ кәсіпорындары басшыларымен кездесуінде ол "Ресей - Украина дағдарысы әлем елдері экономикасының барлық маңызды салаларына, ең алдымен, мұнай-газ саласына әсер етті. Қара алтын құны соңғы апталарда екі есе өсті. Табиғи газға деген сұраныстың артып, бүкіл әлемде тұтынушы елдердің баламалы нарықтарды іздеуіне байланысты Египеттегі газ өндірісін ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану маңызды" деді министр.

ТАСС ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мысырдағы табиғи газ қоры 2,2 трлн текше метрге тең. Ең ірі кен орындары солтүстік аймақтарда, Суэц шығанағында, Батыс шөлде орналасқан. 2011 жылғы төңкеріске дейін Египет ішкі нарықты қанағаттандырып ғана қоймай, сұйытылған табиғи газды Израиль мен Иорданияға экспорттаған. Алайда саяси тұрақсыздыққа байланысты геологиялық барлау жұмыстары мен өндірісті ұлғайту тоқтатылды. Ал ішкі тұтыну көлемі өсті. Осылайша Египет экспорттаушыдан импорттаушыға айналды.

Сондай-ақ...