Ж.Өсербай: Азық-түлік қоры жеткілікті

Сала мамандарының айтуынша, республикада барлығы 1,3 млн тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде ұн – 144 мың тонна, қант – 90 мың тонна, күріш – 39,3 мың тонна, макарон – 21 мың тонна және шамамен 900 мың тонна көкөніс өнімдері сақталған. Азық-түлік қоры жаңартылады және қажеттілігіне қарай күн сайын толықтырылады, – деді жауапты ведомство өкілдері. Қазақстан қантпен толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай айтты.

Жеңіс Өсербай ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

– Бүгінгі таңда республика бойынша қант қоры 90 мың тонна. Сауда нүктелерінде, тұрақтандыру қорларында, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-да және мемлекеттік материалдық резервте шамамен 42 мың тонна, қант зауыттарында – шамамен 47 мың тонна бар.