Б.Сұлтанов: Бірыңғай валюта құру туралы мәселе талқыланбайды

Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында бірыңғай валюта құру мәселесі талқыланбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, бірнеше күннен кейін Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы өтеді. Кездесудің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ тәуелсіз халықаралық валюта қаржы жүйесін құрмақ деген ақпарат тараған болатын. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:

- Бұл жалған ақпарат. Себебі Мәскеуде өтетін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының күн тәртібінде де бұл мәселе жоқ. Қарастырылмайды да. Бірақ өзара сауда-саттық, тауар тасымалдарында есеп айырысу мәселелері жайлы кеңес беріледі.