«Ұмай» ипотекалық бағдарламасы тиімділігін дәлелдеді – Сарапшы

«Ұмай» ипотекалық бағдарламасы тиімділігін дәлелдеді – Сарапшы

«Отбасы банкі» жастарға арналған бағдарламаларды өңірлерде де жүзеге асырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол әзірге Алматы мен Елордада сәтті нәтиже көрсетіп жатыр. Сондай-ақ қаржылық ұйым биыл әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасын жетілдірді. Енді баспанаға инвестиция құйғысы келетін арулардың отбасылық табысы бұрынғыдай 320 мың теңге емес, 640 мың теңгеден аспауы тиіс. Салымшының қолында баспана құнының 15-20 проценті болса, қалғанын банк арқылы рәсімдеуге болады. Азиялық даму банкінің «Отбасы банкіне» берген несиелендіру бағдарламасы былтыр қолға алынды. Жиыны 38 млрд теңге көлемінде бюджет қарастырылған. Сол тұста бөлінген 8,5 млрд теңгеге 954 әйел баспаналы болды.

Марина Орынбаева, «Отбасы банк» АҚ бизнесті дамыту басқармасының басшысы:

– Бұл бағдарлама сұраныс тапқаннан кейін 2022 жылы бөлініп отырған бюджеттің көлемі 14 млрд құрап отыр. Екінші транш бөлінген кезде бағдарламаның жаңа шарттары бойынша отбасылық табысы әйел азаматтың 640 мың теңгеден аспаса, бағдарламаға қатыса алады.