Теңгені тұрақтандырудың тәсілі қандай?

Ал доллар бағамы қашан тұрақтайды? Қазір көпшілік қолда бар теңгесін АҚШ валютасына айырбастап жатыр. Тіпті трансшекаралық жасырын ақша аударымдар көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Қазақстаннан тауар экспорттап, доллармен пайда табатын квазимемлекеттік компанияларды табысының жартысынан көбін отандық биржада сату міндеттелуі мүмкін. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдаланушы жеке сектордың да валюта түсімдерін отандық биржаға беретініне сенім білдірді. Сарапшылардың айтуынша, бұл қиын-қыстау кезде қолданылдатын тәсіл. 

Талғат Демесінов, экономист сарапшы:

– Ресей мен Украина арасындағы ахуал ушыққаннан бастап ҚР ҰБ теңгенің долларға шаққандағы бағамын ұстап тұру үшін 1 миллирд долларға жуық қаражатты алып сол КАСЕ арқылы сатып жіберуге мәжбүр болды. Ұлттық қордағы қаражат ол шектеулі. Оны сата беру Ұлттық қордың таусылуына әкеледі. Егер де қажет болса, елдің ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін.