Көктемгі егіс науқанына 400 мың тонна дизель бөлінеді

Көктемгі егіске техниканың 95 проценті дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деп мәлімдеді. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қоймаларға 2,3 тонна тұқым құйылды. Бұдан бөлек, Ресейден 19 жарым мың тонна  жүгері, бидай, арпа, қара бидай, ал Еуропадан жүгері мен қант қызылшасы тұқымдары әкелінеді.