Импортталатын тауарларға уақытша QR-код пайдаланылады

Елдегі кәсіпкерлер импортталатын тауарларға қатысты мемлекеттік тілдегі қосымшаларды бекіту жөніндегі заңнама талаптарын уақытша алып тастауды сұрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның орнына әзірге барлық қажетті ақпарат қамтылған тауарлық QR-кодтарды пайдалану ұсынылды. Осы арқылы бизнес шығындарын біршама азайтуға болады. Бұл мәселе дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында талқыланды. Премьер-министр Әлихан Смайылов отандық бизнес өкілдерінің бастамасын қолдап, Президент Жарлығының жобасын дайындауды тапсырды. Құжат осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының қарауына енгізілуі керек.

Еске салайық, жедел штабтың келесі отырысы 24 наурызда өтеді.