Негізсіз жекешелендірілген нысандар мемлекетке қайтарылады

Негізсіз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған телекоммуникация, теміржол, медиа активтер және басқа салалардағы нысандар жатады. Бұл іспен Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия айналысады. Комиссия құрамына Қаржы мониторингі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Бас прокуратура және «Самұрық-Қазына» өкілдері кірді. Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті. Онда негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет қайтару жолдарын дайындау мәселесі сөз болды.